Құзыреттіліктерді кеңейту: QarTech Hub-та «Көмір химиясы және жасыл технологиялар» тақырыбы бойынша оқыту

13.12.2025

2025 жылдың 1-12 желтоқсан аралығында QarTech өңірлік инновациялық-индустриялық хабы қызметі аясында ұйымдастырылған өнеркәсіптік кәсіпорындардың инженерлері, техниктері және мамандарына арналған біліктілікті арттыру курсы өтті.  

Бағдарлама эксперт дәрістерін, практикалық сабақтарды, материалды бекіту үшін өзіндік жұмысты қамтыды.

Курс аясында профессор Мырзабек Байкенов қатты көмірсутек шикізатын өңдеудің өзекті бағыттары туралы егжей-тегжейлі айтып берді, сондай-ақ бүгінгі таңда сұранысқа ие тақырыптардың бірі – сирек кездесетін металдар мен оларды көмір өндірісінің қалдықтарынан алу перспективаларын қозғады.

Ресурстарды ұтымды пайдалану, экологиялық бағдарланған технологияларды енгізу және стратегиялық маңызды элементтердің жаңа көздерін іздеу бүгінде ерекше маңызға ие, бұл аталмыш курсты ерекше өзекті және құнды етеді.

Бағдарлама соңында қатысушылар қорытынды бағалаудан сәтті өтіп, біліктілікті растайтын сертификаттар алды.

Курс 72 сағатқа созылды және тыңдаушылардың кәсіби құзыреттілігін кеңейтуге ықпал етті.

Оқыту қатысушылардың біліктілігін арттырудағы маңызды кезең болды және алған білімдерін жүйелеуге мүмкіндік берді.