Құзыреттіліктерді кеңейту: QarTech Hub-та «Металлтану және металдарды термиялық өңдеу» тақырыбы бойынша оқыту
2025 жылдың 1-12 желтоқсан аралығында QarTech өңірлік инновациялық-индустриялық хабы қызметі аясында ұйымдастырылған өнеркәсіптік кәсіпорындардың инженерлері, техниктері және мамандарына арналған біліктілікті арттыру курсы өтті.
Бағдарлама эксперт дәрістерін, практикалық сабақтарды, материалды бекіту үшін өзіндік жұмысты қамтыды.
Оқыту барысында мамандар металлтану және металдарды термоөңдеу саласындағы жаңа құралдар мен заманауи тәсілдерді алды, қатайту мен сапаны бақылаудың өзекті технологияларымен танысты. Алынған білім мен практикалық дағдыларды олардың күнделікті кәсіби қызметінде тікелей қолдануға болады.
Бағдарлама соңында қатысушылар қорытынды бағалаудан сәтті өтіп, біліктілікті растайтын сертификаттар алды.
Курс 72 сағатқа созылды және тыңдаушылардың кәсіби құзыреттілігін кеңейтуге ықпал етті.
Оқыту қатысушылардың біліктілігін арттырудағы маңызды кезең болды және алған білімдерін жүйелеуге мүмкіндік берді.













