Құзыреттіліктерді кеңейту: QarTech Hub-та «Пайдалы қазба кен орындарын іздеу және барлау кезіндегі геофизикалық деректерді түсіндіру» тақырыбы бойынша оқыту
2025 жылдың 1-12 желтоқсан аралығында QarTech өңірлік инновациялық-индустриялық хабы қызметі аясында ұйымдастырылған өнеркәсіптік кәсіпорындардың инженерлері, техниктері және мамандарына арналған біліктілікті арттыру курсы өтті.
Бағдарлама эксперт дәрістерін, практикалық сабақтарды, материалды бекіту үшін өзіндік жұмысты қамтыды.
Курс тыңдаушылары геологиялық барлау жұмыстары үшін геофизикалық деректерді түсіндіруге бағытталған білім мен дағдылар кешенін игерді. Атап айтқанда – бастапқы деректерді дайындау, геологиялық-геофизикалық модельдерді құру үшін бағдарламалық жасақтаманы пайдалану, пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу және барлау үшін жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін камералдық өңдеу.
Бағдарлама соңында қатысушылар қорытынды бағалаудан сәтті өтіп, біліктілікті растайтын сертификаттар алды.
Курс 72 сағатқа созылды және тыңдаушылардың кәсіби құзыреттілігін кеңейтуге ықпал етті.
Оқыту қатысушылардың біліктілігін арттырудағы маңызды кезең болды және алған білімдерін жүйелеуге мүмкіндік берді.





