«QarTech» хабының жаңа ғылыми жетістіктері: халықаралық журналдағы мақала
2025 жылы «QarTech» инновациялық-индустриялық хабы қызметі аясында Scopus базасында индекстелетін журналда мақала жарияланды.
Mobile Overpass with a Movable Foundation: Ensuring Trench Stability Under Traffic Loads тақырыбындағы зерттеу көлік жүктемелері кезінде траншеялардың тұрақтылығын қамтамасыз етуге арналған және өзекті инженерлік міндеттерді шешуге бағытталған, сондай-ақ машина жасау және құрылыс үшін жаңа буынның композиттік және полимерлік материалдарын жасау мәселелерін қамтиды.
Зерттеудің Borusan Makina Kazakhstan өндірістік компаниясының өкілімен бірлесіп орындалғаны оның қолданбалы бағытын көрсетеді.
Авторлар: Kadyrov A.S., Kukesheva A.B., Bakytov Y.S.
Журнал: Material and Mechanical Engineering Technology, №4, 2025.
Басылым команданың жоғары ғылыми әлеуетін және хабтың экономика мен инфрақұрылымның нақты қажеттіліктеріне бағытталған қолданбалы зерттеулерді дамытуға қосқан үлесін растайды.
Мақаланың толық мәтіні төмендегі сілтеме арқылы қол жетімді:
https://www.scopus.com/pages/publications/105028890285?origin=resultslist
Авторларды маңызды нәтижемен құттықтаймыз және одан әрі жетістіктер тілейміз!

