«QarTech» хабының жаңа ғылыми жетістіктері: халықаралық журналдағы мақала

24.04.2026

2025 жылы «QarTech» инновациялық-индустриялық хабы қызметі аясында Springer базасында индекстелетін журналда мақала жарияланды.

Indirect assessment of photometric parameters of LED lighting systems тақырыбындағы зерттеу жарық, қуат және энергия тиімділігі арасындағы тәуелділікке негізделген жарықдиодты жарықтандыру жүйелерінің фотометриялық параметрлерін жанама бағалау әдісін әзірлеуге арналған..

Зерттеудің Light Engineering өндірістік компаниясының өкілімен бірлесіп орындалғаны оның қолданбалы бағытын көрсетеді.

Авторлар: Y. G. Neshina, F. N. Bulatbayev, D. I. Kayumov & A. T. Zheldikbayeva
Журнал: Russian Physics Journal, 14 April 2026.

Басылым команданың жоғары ғылыми әлеуетін және хабтың экономика мен инфрақұрылымның нақты қажеттіліктеріне бағытталған қолданбалы зерттеулерді дамытуға қосқан үлесін растайды.

Мақаланың толық мәтіні төмендегі сілтеме арқылы қол жетімді:

https://link.springer.com/article/10.1007/s11182-026-03688-0

Авторларды маңызды нәтижемен құттықтаймыз және одан әрі жетістіктер тілейміз!