«QarTech» хабының жаңа ғылыми жетістіктері: халықаралық журналдағы мақала

27.04.2026

2025 жылы «QarTech» инновациялық-индустриялық хабы қызметі аясында Springer базасында индекстелетін журналда мақала жарияланды.

Control system for parallel-operating pumping units тақырыбындағы зерттеу реттелетін және реттелмейтін сорғылар арасында жүктемені оңтайлы бөлу әдістерін қоса алғанда, параллель жұмыс істейтін сорғы қондырғыларын басқару жүйесін әзірлеуге арналған. Жұмыста гидравликалық жүйенің сызықтық емес сипаттамаларын ескере отырып, оның математикалық моделін құру, сондай-ақ жүйенің энергия тиімділігі мен сенімділігін арттыру мақсатында әртүрлі жұмыс режимдеріндегі динамикалық процестерді талдау қарастырылады.

Зерттеудің “Alim Partners” ЖШС өндірістік компаниясының өкілімен бірлесіп орындалғаны оның қолданбалы бағытын көрсетеді.

Авторлар: R. B. Kossymbayev, F. N. Bulatbayev & Yu. F. Bulatbayeva
Журнал: Russian Physics Journal, 14 April 2026.

Басылым команданың жоғары ғылыми әлеуетін және хабтың экономика мен инфрақұрылымның нақты қажеттіліктеріне бағытталған қолданбалы зерттеулерді дамытуға қосқан үлесін растайды.

Мақаланың толық мәтіні төмендегі сілтеме арқылы қол жетімді:

https://link.springer.com/article/10.1007/s11182-026-03685-3

Авторларды маңызды нәтижемен құттықтаймыз және одан әрі жетістіктер тілейміз!