«QarTech» хабының жаңа ғылыми жетістіктері: халықаралық журналдағы мақала
2025 жылы «QarTech» инновациялық-индустриялық хабы қызметі аясында Scopus базасында индекстелетін журналда мақала жарияланды.
The Influence of Gas-Dynamic Spraying Temperature on Residual Stresses of the Coating тақырыбындағы зерттеу газдинамикалық бүрку кезінде жұмыс газы температурасының жабындардағы қалдық кернеулердің шамасы мен сипатына әсерін зерттеуге арналған. Жұмыста бүрку температурасына байланысты металл-композитті және керамикалық жабындардағы қалдық кернеулердің өзгеруі қарастырылып, жабындардың беріктігі мен ұзақ мерзімділігін арттыру үшін оңтайлы температуралық режим анықталады.
Зерттеудің “KurylysMet” LLP өндірістік компаниясының өкілімен бірлесіп орындалғаны оның қолданбалы бағытын көрсетеді.
Авторлар: Olzhataev O. K., Zharkevich O. M., Allayarov I. S., Rubenkov V. P., Shlyakhov S. V.
Журнал: Material and Mechanical Engineering Technology, №4, 2025.
Басылым команданың жоғары ғылыми әлеуетін және хабтың экономика мен инфрақұрылымның нақты қажеттіліктеріне бағытталған қолданбалы зерттеулерді дамытуға қосқан үлесін растайды.
Мақаланың толық мәтіні төмендегі сілтеме арқылы қол жетімді:
https://mmet.kstu.kz/download/articles/30122025041340_digest.pdf (80-бет)
Авторларды маңызды нәтижемен құттықтаймыз және одан әрі жетістіктер тілейміз!

