«QarTech» хабының жаңа ғылыми жетістіктері: халықаралық журналдағы мақала
2026 жылы «QarTech» инновациялық-индустриялық хабы қызметі аясында Springer базасында индекстелетін журналда мақала жарияланды.
Computer modeling of mechanical and optical effects in standard fiber-Optic cables under mechanical load тақырыбындағы зерттеу механикалық жүктемелердің стандартты талшықты-оптикалық кабельдердің механикалық және оптикалық сипаттамаларына әсерін компьютерлік модельдеу арқылы зерттеуге арналған. Жұмыста механикалық әсер кезіндегі талшықты-оптикалық кабельдердегі оптикалық шығындарды болжауға және олардың пайдалану сенімділігін бағалауға мүмкіндік беретін гибридті физика-математикалық модель қарастырылады.
Зерттеудің “Kazakhtelecom” АҚ өндірістік компаниясының өкілімен бірлесіп орындалғаны оның қолданбалы бағытын көрсетеді.
Авторлар: A. D. Alkina, A. D. Mekhtiyev, E. N. Bilichenko, E. G. Neshina & A. M. Asylbekova
Журнал: Russian Physics Journal, 23 June 2026.
Басылым команданың жоғары ғылыми әлеуетін және хабтың экономика мен инфрақұрылымның нақты қажеттіліктеріне бағытталған қолданбалы зерттеулерді дамытуға қосқан үлесін растайды.
Мақаланың толық мәтіні төмендегі сілтеме арқылы қол жетімді:
https://link.springer.com/article/10.1007/s11182-026-03692-4
Авторларды маңызды нәтижемен құттықтаймыз және одан әрі жетістіктер тілейміз!

