«QarTech» хабының жаңа ғылыми жетістіктері: халықаралық журналдағы мақала
2026 жылы «QarTech» инновациялық-индустриялық хабы қызметі аясында Springer базасында индекстелетін журналда мақала жарияланды.
Electromagnetic water treatment in cooling systems of coal mills in thermal power plants тақырыбындағы зерттеу жылу электр станцияларының салқындату жүйелерінде судың қаттылығын төмендету және қақ түзілуінің алдын алу үшін суды электромагниттік өңдеу әдісін зерттеуге арналған. Жұмыста суды экологиялық тұрғыдан қауіпсіз өңдеу және жылу энергетикалық жабдықтардың тиімділігін арттыру мақсатында тұрақты ток электромагниттерін қолданудың тиімділігі қарастырылады.
Зерттеудің “Red-Line INTEGRATION” ЖШҚ өндірістік компаниясының өкілімен бірлесіп орындалғаны оның қолданбалы бағытын көрсетеді.
Авторлар: O. V. Aldoshina, A. D. Mekhtiyev, A. D. Alkina, R. A. Mekhtiyev, Y. G. Neshina, A. V. Yurchenko & D. N. Miroshnichenko
Журнал: Russian Physics Journal, 14 April 2026.
Басылым команданың жоғары ғылыми әлеуетін және хабтың экономика мен инфрақұрылымның нақты қажеттіліктеріне бағытталған қолданбалы зерттеулерді дамытуға қосқан үлесін растайды.
Мақаланың толық мәтіні төмендегі сілтеме арқылы қол жетімді:
https://link.springer.com/article/10.1007/s11182-026-03686-2
Авторларды маңызды нәтижемен құттықтаймыз және одан әрі жетістіктер тілейміз!

