«QarTech» өңірлік инновациялық-индустриялық хаб
QarTech – Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының қолдауымен Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде құрылған Қазақстандағы тұңғыш өңірлік инновациялық-индустриялық хаб.
Хаб озық технологияларды өндіріске жедел енгізу және қолданбалы ғылымды дамыту үшін ғылымды, бизнесті, мемлекеттік құрылымдар мен қоғамды біріктіретін негізгі алаңға айналуы тиіс.
Осындай орталықтарды құру идеясын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 12 сәуірде Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында белгіледі.
Қарағанды облысында Ғылым және технологиялар жөніндегі кеңес құрылып, оның алғашқы отырысы Қарағанды техникалық университетінде өтті. Кеңес ғылыми инфрақұрылымды дамытумен және бизнестің зерттеу институттарымен тиімді өзара іс-қимылын қалыптастырумен айналысады.
Жобаның мақсаты – озық технологияларды енгізу, қолданбалы ғылымды дамыту және ғылым, бизнес және мемлекет арасында тиімді өзара іс-қимыл жасау арқылы өңірдің өнеркәсіптік секторын жедел трансформациялауға жәрдемдесу.
Хаб ғылыми идеяларды кәсіпорындар үшін дайын шешімдерге тезірек айналдыруға және жаңа ғылыми-өндірістік технологияларды жасауға мүмкіндік беретін жүйені іске қосуға арналған.
Негізгі міндеттер
- Технологияларды енгізу арқылы өнеркәсіпті даыту
- Өңірлік кәсіпорындармен бірлескен жобаларды іске асыру.
- Технологиялық шешімдер есебінен өндіріс тиімділігін арттыру.
- Өңірдің негізгі салалары – металлургия, машина жасау, өндіруші өнеркәсіп үшін жаңа өнімдер мен шешімдер әзірлеу.
- Ғылыми зерттеулер мен стартаптарды қолдау
- Заманауи жабдықтар мен зертханаларға қолжетімділікті қамтамасыз ету.
- Инкубациялық және акселерациялық бағдарламаларды дамыту.
- Коммерцияландыру, патенттеу және нарыққа шығу мәселелері бойынша кеңес беру.
- Өңірдің жұмыспен қамтылуы мен экономикалық әлеуетінің өсуі
- Стартаптар мен кәсіпкерлікті дамыту есебінен жаңа жұмыс орындарын құру.
- Білім беру бағдарламалары арқылы қызметкерлердің біліктілігін арттыру.
- Шағын және орта бизнесті инвестициялау және қолдау.
Хабтың миссиясы – Қарағанды облысы экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған инновациялық шешімдерді әзірлеу, бейімдеу және енгізу үшін ғылыми әлеуетті, кәсіпкерлік бастаманы, қоғамдық идеяларды және мемлекеттік қолдауды біріктіру.
Хабтың қызметі төрт ғылыми-өндірістік кластерге бағытталған:
- Тау-кен өнеркәсібі және металлургия
- Көмір химиясы және жаңа материалдар
- Индустрия 4.0 және автоматтандыру
- Экология және қалдықтарды басқару