QarTech эксперттік семинары

#офлайн #Эксперттік семинарлар
03.11.2025 17:30

Оқытушылар, зерттеушілер, инновациялық құрылымдардың қызметкерлері, магистранттар мен докторанттарды QarTech өңірлік инновациялық-индустриялық хабының қызметі шеңберінде ұйымдастырылған сараптамалық семинарға шақырамыз.

Семинар тақырыбы: «Инновациялар және ТДМ: ұлттық және халықаралық басымдылықтарға сәйкестік»

Негізгі спикерлер:

Ирина Харитонова – креативті экономика және тұрақты даму саласындағы сарапшы, UNESCO бастамаларының өкілі, Creative & Innovation Institute Орталық Азияның тұрақты даму қорының директоры.

Александра Харитонова – тұрақты даму және ESG сарапшысы, циркулярлы  экономика жөніндегі кеңесші, AHK Germany бағдарламасының түлегі, Creative & Innovation Institute білім беру және экологиялық бастамалардың үйлестірушісі.

Семинар интерактивті дәріс және фасилитацияланған топтық жұмыс форматында өтеді.

Қатысушыларды келесі тақырыптар бойынша теориялық және практикалық бөлімдер күтеді:

  • Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ);
  • Қазақстан Республикасының ұлттық басмдылықтары, цифрландыру және «Жасыл экономика» бағдарламалары;
  • Инновациялық жобаларды халықаралық бастамаларға байланыстыру (UNESCO, Horizon Europe, RIS).

Қатысушыларды мазмұнды бағдарлама, сарапшылармен жанды пікірталас және инновациялық жобаны сүйемелдеудің шағын жол картасын дайындау мүмкіндігі күтеді.

2025 жылғы 6 қараша

09:30 – 17:00

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, 1 корпус, Business Skills Park

Тіркелу: qartech.kstu.kz 2025 жылғы 5 қараша, 14:00-ге дейін.

Жазу аяқталды