QarTech эксперттік семинары
Оқытушылар, зерттеушілер, инновациялық құрылымдардың қызметкерлері, магистранттар мен докторанттарды QarTech өңірлік инновациялық-индустриялық хабының қызметі шеңберінде ұйымдастырылған сараптамалық семинарға шақырамыз.
Семинар тақырыбы: «Инновациялар және ТДМ: ұлттық және халықаралық басымдылықтарға сәйкестік»
Негізгі спикерлер:
Ирина Харитонова – креативті экономика және тұрақты даму саласындағы сарапшы, UNESCO бастамаларының өкілі, Creative & Innovation Institute Орталық Азияның тұрақты даму қорының директоры.
Александра Харитонова – тұрақты даму және ESG сарапшысы, циркулярлы экономика жөніндегі кеңесші, AHK Germany бағдарламасының түлегі, Creative & Innovation Institute білім беру және экологиялық бастамалардың үйлестірушісі.
Семинар интерактивті дәріс және фасилитацияланған топтық жұмыс форматында өтеді.
Қатысушыларды келесі тақырыптар бойынша теориялық және практикалық бөлімдер күтеді:
- Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ);
- Қазақстан Республикасының ұлттық басмдылықтары, цифрландыру және «Жасыл экономика» бағдарламалары;
- Инновациялық жобаларды халықаралық бастамаларға байланыстыру (UNESCO, Horizon Europe, RIS).
Қатысушыларды мазмұнды бағдарлама, сарапшылармен жанды пікірталас және инновациялық жобаны сүйемелдеудің шағын жол картасын дайындау мүмкіндігі күтеді.
2025 жылғы 6 қараша
09:30 – 17:00
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, 1 корпус, Business Skills Park
Тіркелу: qartech.kstu.kz 2025 жылғы 5 қараша, 14:00-ге дейін.