«Роботтар әрекетте: автоматтандыру кезең-кезеңімен» STEM-курсы

#офлайн #STEM-курстар
04.11.2025 00:54

QarTech хабы қызметі аясында 7–11 сынып оқушыларына арналған STEM-курс өтеді. Бір күндік курс барысында қатысушылар өнеркәсіптік роботтар мен мехатрондық жүйелердің қалай жұмыс істейтінін біледі, оларды құру және басқару принциптерімен танысады. Әркім қарапайым басқару бағдарламасын құру, роботты берілген қозғалыстарды орындауға мәжбүрлеу және механикалық, электронды және бағдарламалық жасақтама компоненттерінің өзара әрекеттесуін көру арқылы өзін автоматтандыру инженері ретінде сынап көре алады. Сонымен қатар, қатысушыларды университеттің зертханаларына экскурсия және оқыту бағыттары мен болашақтың сұранысқа ие инженерлік мамандықтары туралы танысуға болатын Saginov Technical University білім беру бағдарламаларының көрмесі күтеді.

Курс тренері – Куралай Тохметова, «Өндірістік процестерді автоматтандыру» кафедрасының аға оқытушысы, робототехника және мехатрондық жүйелер саласындағы маман.

Курс тілі: қазақша

Жиналу және тіркелу: Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті Бас корпусының холы, Н. Назарбаев даңғылы, 56

Күні: 08.11.2025 ж.

Уақыты: 09:00

Тіркелу: https://qartech.kstu.kz/ (06.11.2025 ж. сағат 15:00-ге дейін)

 

#QarTech #QarTechHub

Жазу аяқталды