«Ақылды дрон: ұшудан 3D-модельге дейін» STEM-курсы
QarTech хабы қызметі аясында 7–11 сынып оқушыларына арналған STEM-курс өтеді. Бір күндік курс барысында қатысушылар ұшқышсыз ұшу аппараттарының қалай жұмыс істейтінін біледі, дрондарды ауадан түсіру және үш өлшемді модельдер мен нысандардың цифрлық егіздерін жасау үшін пайдалануды үйренеді. Әркім өзін инженер ретінде сынап көре алады, деректерді өңдеу мен визуализацияның заманауи технологияларымен танысады және идеялардың нақты 3D модельдеріне қалай айналатынын көре алады. Сонымен қатар, қатысушыларды университеттің зертханаларына экскурсия және оқыту бағыттары мен болашақтың сұранысқа ие инженерлік мамандықтары туралы танысуға болатын Saginov Technical University білім беру бағдарламаларының көрмесі күтеді.
Курс тренері – Дмитрий Ожигин, «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, дрондар және 3D-модельдеу саласының маманы.
Курс тілі: орысша
Жиналу және тіркелу: Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті Бас корпусының холы, Н. Назарбаев даңғылы, 56
Күні: 08.11.2025 ж.
Уақыты: 09:00
Тіркелу: https://qartech.kstu.kz/ (06.11.2025 ж. сағат 15:00-ге дейін)
#QarTech #QarTechHub