QarTech эксперттік сессия
#офлайн
#Эксперттік сессиялар
10.11.2025 21:00
«QarTech» өңірлік инновациялық-индустриялық хаб жобасы аясында «Шұбаркөл көмір» АҚ «Уголь» дивизионының өндіріс жөніндегі директоры – Павел Чувашовпен кездесу өтеді.
Сессияда спикер ірі өндірістік кешенді басқару тәжірибесімен бөліседі, шахталарда жұмысты ұйымдастырудың үздік тәжірибелері, өндірістің тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыру, сондай-ақ көмір саласын дамыту перспективалары туралы әңгімелейді.
Қатысуға шақырылады: студенттер, жас инженерлер, стартаперлер, оқытушылар.
Тақырыбы: Көмір өнеркәсібі: даму жол және болашақ бағдарлары
Өтетін орны: Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, 1 корпус, Business Skills Park
Күні: 13.11.2025
Уақыты: 15:00
Тіркелу: qartech.kstu.kz (13.11.2025 10:00-ге дейін)