QarTech эксперттік семинары
Оқытушылар, зерттеушілер, инновациялық құрылымдардың қызметкерлері, магистранттар мен докторанттарды QarTech өңірлік инновациялық-индустриялық хабының қызметі шеңберінде ұйымдастырылған сараптамалық семинарға шақырамыз.
Семинар тақырыбы: «ESG трансформациясы: ғылым мен индустрия үшін табыстың жаңа формуласы»
Спикер:
Тельман Шуриев – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Үкіметпен байланыс (GR) және салалық әріптестік департаментінің директоры, MBA, DBA, PhD, «Ұлытау «ӘКК» АҚ тәуелсіз директоры – Директорлар кеңесінің мүшесі, ҚР Атом энергиясы агенттігінің Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Президент істері басқармасы жанындағы ҚР парламентаризм институтының Ұлттық сарапшысы, өндірістік тиімділік, ESG, декарбонизациялау, GR жөніндегі эксперт.
Семинар барысында қатысушыларды ғылым мен өнеркәсіптің тұрақты дамуына заманауи тәсілдерді зерделеуге, сондай-ақ саланы трансформациялау үшін тиімді шешімдерді іздеуге бағытталған дәрістер мен практикалық жұмыстар күтеді.
2025 жылғы 14 қараша
09:30 – 17:00
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, 1 корпус, Business Skills Park
Тіркелу: qartech.kstu.kz 2025 жылғы 13 қараша, 20:00-ге дейін.