QarTech эксперттік сессия
QarTech өңірлік инновациялық-индустриялық хабы аясында «KZ TRANSIT» ЖШС РТБ және пластик зауытының негізін қалаушысы және директоры Данил Ращупкиннің, сондай-ақ кәсіпорынның аддитивтік технологиялар бөлімінің жетекшісі Владислав Шуваевтың қатысуымен эксперттік сессия өтеді.
Сессияда Данил Рашупкин 3D-басып шығару және реверс-инжиниринг технологиялары Қазақстан өнеркәсібін қалай өзгертетінін айтып береді және бизнесті «нөлден» құрудың, инновациялық өндірісті басқарудың және 3D-инженерлерге арналған ЖИ-ассистентпен әлемдегі алғашқы платформаны құрудың жеке тәжірибесімен бөліседі. Сонымен қатар, қатысушыларды Владислав Шуваев өткізетін реверс технологияларды қолдана отырып, 3D басып шығару бойынша мастер-класс күтеді.
Қатысуға шақырылады: заманауи инженерлік шешімдерге қызығушылық танытқан студенттер, инженерлер, оқытушылар, өндіріс орындарының қызметкерлері.
Тақырыбы: «Реверс-инжиниринг және 3D-басып шығару: күрделі бұйымдарды дайындау технологиялары».
Өтетін орны: Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, 1 корпус, Business Skills Park
Күні: 21.11.2025
Уақыты: 15:00
Тіркелу: qartech.kstu.kz (19.11.2025 15:00-ге дейін)