QarTech хакатоны: Жарықтандыру тіректері кәсіпорнына арналған инженерлік шешімдер

#офлайн #Хакатондар
20.11.2025 22:26

QarTech хабы жарықтандыру тіректерін дайындаумен байланысты «Light Engineering» ЖШС-нің нақты өндірістік тапсырмаларын шешуге бағытталған екі күндік технологиялық хакатон өткізеді. Қатысушылар негізгі инженерлік міндеттермен жұмыс істеуі керек: металды термодеформациялау, ыстық мырыштау ерекшеліктері, дәнекерлеу операцияларын автоматтандыру және плазмалық кесу кезінде геометрияны тұрақтандыру.

Хакатон 2025 жылғы 27–28 қарашада Saginov Technical University базасында өтетін болады. Жас инженерлер – студенттер, магистранттар мен докторанттардың тобы нақты инженерлік кейстер үшін шешімдерді әзірлейтін болады. Қазылар алқасы іріктеп алған ең үздік шешімдер үшін 500 000 тг көлеміндегі жүлде қарастырылған.  

Хакатон қалай өтеді?

1-күн: Тереңірек танысу және кейс таңдау

Қатысушылар «Light Engineering» ЖШС-нің тапсырмаларымен танысады, техникалық кіріспелерді талдайды және бір немесе бірнеше өндірістік кейстерді таңдайды. Тапсырмаларды бөлгеннен кейін жобалар бойынша қарқынды екі күндік жұмыс басталады.

2-күн: Шешімдерді әзірлеу

Командалар қолданыстағы өндірістік процестерге енгізілуі мүмкін инженерлік, технологиялық және ұйымдастырушылық тұжырымдамалар жасайды. Хакатон эксперттік қазылар алқасының алдында жобаларды қорғаумен аяқталады.

Хакатонға қосылу үшін:

  1. 4–6 адамнан тұратын команда жинау;
  2. командаға ат беру;
  3. таңдалған кейсті көрсете отырып, барлық қатысушыларды тіркеңіз;
  4. ұйымдастырушылардан растаушы қоңырауды күту қажет.

Командалар ұсынуы тиіс:

  • шешімнің техникалық сипаттамасы: жұмыс принципі, негізгі элементтер, материалдар және технологиялар;
  • нақты өндірісте қолдану негіздемесі: шешімді ағымдағы процеске қалай және неге енгізуге болады;
  • экономикалық бағалау: әсерді есептеу (ақаудың төмендеуі, жұмыс уақыты, еңбек шығындары, ресурстарды үнемдеу);
  • тәуекелдер мен шектеулерді бағалау: әлсіз тұстар, қолдану шарттары, енгізуге қойылатын талаптар;
  • схема, сызба, модель немесе алгоритм (бар болған жағдайда);
  • нақты экономикалық негізделген іске асыру: шешім түсінікті, аяқталған, айтарлықтай жетілдірулерсіз пилоттық іске асыруға дайын болуы керек.

Тіркеу 2025 жылғы 25 қараша 20:00-ге дейін Хаб сайтында: https://qartech.kstu.kz