QarTech эксперттік сессия

#офлайн #Эксперттік сессиялар
20.11.2025 12:00

QarTech өңірлік инновациялық-индустриялық хабы аясында «KPA GROUP» (KAZPROM AVTOMATIKA, KAZPROM ENGINEERING, КПА Групп, Alim Partners) компаниялар тобының тең құрылтайшысы және техникалық директоры Дмитрий Лепеховтың қатысуымен эксперттік сессия өтеді.

Сессияда Дмитрий Лепехов заманауи автоматтандыру технологиялары өндірісті қалай өзгертетіні және инновациялық даму үшін жағдай жасайтыны туралы нақты мысалдармен бөліседі. «KPA GROUP» компаниялар тобының техникалық бағыттарын басқару тәжірибесін пайдалана отырып, ол цифрлық жүйелерді енгізудің озық инженерлік шешімдері мен тәжірибелері туралы әңгімелейді. Сондай-ақ, Дмитрий Александрович STU-дағы оқытушылық қызметіне сүйене отырып, жас мамандарды даярлау тақырыбын көтереді.

Қатысуға шақырылады: заманауи инженерлік шешімдерге қызығушылық танытқан студенттер, инженерлер, оқытушылар, өндіріс орындарының қызметкерлері.

Тақырыбы: «Өнеркәсіптік автоматтандыру өндірістегі инновациялардың драйвері ретінде».

Өтетін орны: Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, 1 корпус, Business Skills Park

Күні: 25.11.2025

Уақыты: 15:00

Тіркелу: qartech.kstu.kz (24.11.2025 21:00-ге дейін)

Жазу аяқталды