QarTech эксперттік семинары
Оқытушылар, зерттеушілер, инновациялық құрылымдардың қызметкерлері, магистранттар мен докторанттарды QarTech өңірлік инновациялық-индустриялық хабының қызметі шеңберінде ұйымдастырылған сараптамалық семинарға шақырамыз.
Семинар тақырыбы: «Заманауи ғалым: бейнесі, ақиқат, сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер»
Спикер:
Данияр Тебаев – PhD, CEO T-Academy, «ҰМҒТСО» АҚ экс-бірінші вице-президенті, цифрлық трансформация және жобаларды дамыту жөніндегі эксперт.
Семинар барысында қатысушыларды ғалымның заманауи бейнесін, ғылыми қызметтің өзекті ақиқаты, сондай-ақ мамандықтың негізгі сын-тегеуріндері мен мүмкіндіктерін зерттеуге бағытталған дәрістер мен практикалық жұмыстар күтеді. Қатысушылар бүгінгі таңда ғылымды дамытудың негізгі тәсілдерімен және ғалымдарға өзгерістерге тиімді жауап беруге және салалардың трансформациясына үлес қосуға көмектесетін практикалық құралдармен танысады.
- 2025 жылғы 03 желтоқсан
- 09:30 – 17:00
- Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, 1 корпус, Business Skills Park