QarTech эксперттік семинары
Оқытушылар, зерттеушілер, инновациялық құрылымдардың қызметкерлері, магистранттар мен докторанттарды QarTech өңірлік инновациялық-индустриялық хабының қызметі шеңберінде ұйымдастырылған сараптамалық семинарға шақырамыз.
Семинар тақырыбы: «Ғылыми идеядан өнімге дейін: басқару, маркетинг және команда»
Спикер:
Татьяна Хасанова – Акселерациялық бағдарламалардың эксперті және трекері (Astana Hub, MOST, ҚДЕБ), 25-жылдық тәжірибесі бар кәсіпкер.
Кездесу барысында қатысушыларды ғылыми идеяны сұранысқа ие өнімге айналдыру жолына арналған дәріс пен практикалық жұмыс күтеді. Жобаларды басқарудың негізгі қағидалары, маркетинг негіздері және тиімді команданы қалыптастыру қаралатын болады. Спикер инновацияны нарыққа сәтті шығаруға көмектесетін практикалық құралдар мен тәсілдермен бөліседі.
2025 жылғы 06 желтоқсан
09:30 – 17:00
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, 1 корпус, Business Skills Park