QarTech хакатоны: машина жасау және құйма технологияларындағы инновациялар
QarTech хабы полимерлі және аддитивті технологияларды қолдана отырып, пресс-формаларды дайындаудың балама әдістерін әзірлеуге, USB тасымалдағыштарын пайдаланбай СББ станоктары үшін қашықтан беру жүйесін құруға және басқару бағдарламаларын жедел түзетуге, сондай-ақ ГМҚ-технологиясындағы жаңа балқыту пешіне көшу кезінде қалыптау құмын жеделдетіп салқындату технологияларын жетілдіруге байланысты Қарағанды «Maker» құю-машина жасау зауытының нақты өндірістік міндеттерін шешуге бағытталған екі күндік технологиялық хакатон өткізеді.
Хакатон 2025 жылғы 11–12 желтоқсанда Saginov Technical University базасында өтеді. Командалар нақты индустриялық кейстерге арналған шешімдерді әзірлейтін болады. Қазылар алқасы таңдаған үздік шешімдер үшін 700 000 теңге көлемінде жүлде қарастырылған.
Хакатон қалай өтеді?
1-күн: Тереңірек танысу және кейс таңдау
Қатысушылар «Maker» ЖШС-нің тапсырмаларымен танысады, техникалық кіріспелерді талдайды және бір немесе бірнеше өндірістік кейстерді таңдайды. Тапсырмаларды бөлгеннен кейін жобалар бойынша қарқынды екі күндік жұмыс басталады.
2-күн: Шешімдерді әзірлеу
Командалар қолданыстағы өндірістік процестерге енгізілуі мүмкін инженерлік, технологиялық және ұйымдастырушылық тұжырымдамалар жасайды. Хакатон эксперттік қазылар алқасының алдында жобаларды қорғаумен аяқталады.
Хакатонға қатысу үшін:
1. Саны 4–6 адамнан тұратын команда жинау. Команда жасы 40-тан аспайтын оқытушылардан және білім алушылардан (студент, магистраннт және докторанттардан) тұруы керек, бұл ретте командадағы білім алушылардың саны кемінде 2 адамды құрауы тиіс.
2. Командаға ат беру;
3. Таңдалған кейсті көрсете отырып, барлық қатысушыларды тіркеңіз;
4. Ұйымдастырушылардан растаушы қоңырауды күту қажет.
Командалар ұсынуы тиіс:
- шешімнің техникалық сипаттамасы: жұмыс принципі, негізгі элементтер, материалдар және технологиялар;
- нақты өндірісте қолдану негіздемесі: шешімді ағымдағы процеске қалай және неге енгізуге болады;
- экономикалық бағалау: әсерді есептеу (ақаудың төмендеуі, жұмыс уақыты, еңбек шығындары, ресурстарды үнемдеу);
- тәуекелдер мен шектеулерді бағалау: әлсіз тұстар, қолдану шарттары, енгізуге қойылатын талаптар;
- схем, , модель алгоритм ();
- нақты экономикалық негізделген іске асыру: шешім түсінікті, аяқталған, айтарлықтай жетілдірулерсіз пилоттық іске асыруға дайын болуы керек.
Кейс:
- Жаңа 0,5 т балқыту пешіне ауысқан кезде ГМҚ желісіне арналған құмды тездетіп салқындатудың жоғары тиімді жүйесін жасау
- СББ станоктары үшін басқару бағдарламаларын қашықтан беру және жедел түзету жүйесін әзірлеу
- Полимерлік материалдар мен аддитивті технологияларды қолдана отырып, пресс-формаларды дайындаудың баламалы әдісін әзірлеу