QarTech Industrial Science Competition: қолданбалы ғылыми-технологиялық шешімдер конкурсы
QarTech өңірлік инновациялық-индустриялық хабы өңірдің үздік қолданбалы ғылыми-технологиялық әзірлемелерінің конкурсын жариялайды.
Конкурстың мақсаты – қолданбалы ғылыми қызметті ынталандыру, өңір ғалымдарын қолдау және өнеркәсіптік енгізу әлеуеті жоғары перспективалы ғылыми-технологиялық жобаларды анықтау. Конкурс төрт ғылыми-өнеркәсіптік кластерді қамтиды:
- Тау-кен өнеркәсібі және металлургия
- Көмір химиясы және жаңа материалдар
- Индустрия 4.0 және автоматтандыру
- Экология және қалдықтарды басқару
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
- Қарағанды облысының ұйымдарында ғылыми, зерттеу, инженерлік, инновациялық немесе педагогикалық қызметті жүзеге асыру;
- жобаның технологиялық дайындық деңгейі TRL 5 кем болмауы керек;
- Ереженің талаптарына сәйкес жоба тақырыбы бойынша ғылыми жарияланымдары және қорғау құжаттары болуы тиіс.
Әрбір сыйлықақы мөлшері – 1 000 000 теңге.
Конкурстың қорытындылары 2025 жылғы 18–19 желтоқсанда QarTech хабы ұйымдастыратын Өңірлік инновациялар форумы аясында жарияланатын болады. Конкурс – өзіңіздің ғылыми идеяларыңызды, қолданбалы зерттеулеріңізді таныстырып, Қарағанды облысының дамуына үлес қосудың таптырмас мүмкіндігі!
Deadline: 14.12.2025 ж.
Өтінімдерді беру және Конкурс туралы толық ақпарат қамтылған Ереже Хабтың сайтында орналастырылған:
https://qartech.kstu.kz