QarTech Forum

#офлайн #Инновациялар форумдары
09.12.2025 19:51

2025 жылдың 18–19 желтоқсанында Қарағанды облысында Өңірдің инновациялар форумы өтеді. Іс-шараны QarTech өңірлік инновациялық-индустриялық хабы Saginov Technical University базасында, Облыстың кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының қолдауымен ұйымдастырады.

Форум өнеркәсіптік кәсіпорындары, университеттер мен ғылыми-зерттеу институттары, даму институттары, мемлекеттік органдарды, сондай-ақ стартап-командалар мен жас зерттеушілер өкілдерін біріктіреді.

Форум екі күн бойы екі алаңда өтеді.

18 желтоқсанда Saginov Technical University базасында QarTech хабының төрт бағыты бойынша кластерлік пікірталастар, инкубатор стартаптарының көрмесі және технологиялық стартаптардың қорытынды Demo Day шарасы өтеді.

19 желтоқсанда Достық үйінде «Инновациялық синергия: индустрия – ғылым – мемлекет» атты стратегиялық сессия, екі салалық эксперттік интенсив және инновациялық әзірлемелер көрмесі өтеді.

Форум индустрия мен ғылым арасындағы тәжірибе алмасуға, сондай-ақ инновацияларды нақты экономика секторына енгізу үшін серіктестер табуға арналған маңызды платформаға айналады.