QarTech өңірлік инновациялық-индустриялық хаб Стартап жобалар инкубаторын іске қосады

#офлайн #Технологиялық стартаптар инкубаторлары
21.10.2025 00:00

QarTech инкубаторы – бұл идеяны өміршең өнімге айналдырып, кәсіпкерлікке алғашқы қадамдар жасағысы келетіндерге арналған тегін бағдарлама.

 Қатысушыларды не күтеді:

  • бизнес-модельді және бірегей баға ұсынысын әзірлеу;
  • жобалық және кәсіпкерлік құзыреттерді дамыту;
  • сала практиктерінің тәлімгерлік және сараптамалық қолдауы;
  • гранттарға өтінімдер беруге және инвестициялар тартуға дайындық;
  • үздік жобалар іріктелетін Demo Day-ге қатысу.

Жалпы жүлде қоры: 2 500 000 теңге.

Бағдарлама модульдік принцип бойынша құрылған және теориялық блоктарды, практикалық сессияларды, жеке кеңестерді және тұрақты трекингті қамтиды.

Кімдерге арналған:

Технологиялық өнім идеясы бар стартап-командалар, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, студенттер, зерттеушілер. Стартап идеясы  QarTech хаб кластерлерінің біріне сәйкес келуі керек:

  • Тау-кен өнеркәсібі және металлургия;
  • Көмір химиясы және жаңа материалдар;
  • Индустрия 4.0 және автоматтандыру;
  • Экология және қалдықтарды басқару.

Форматы:

Гибридті (онлайн өзара әрекеттесу элементтерімен бетпе-бет жұмыс).

Ұзақтығы: 8 апта

Өтетін жері: «Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ» КеАҚ Business Skills Park, Н. Назарбаев даңғылы, 56/1, 153 ауд.

Тіркелдің басталуы: 2025 жылғы 24 қазан

Тіркелдің аяқталуы: 2025 жылғы 01 қараша, 13:00

Тіркелу: https://qartech.kstu.kz

Жазу аяқталды