QarTech эксперттік сессия
«QarTech» өңірлік инновациялық-индустриялық хаб жобасы аясында Light Engineering сыртқы жарықтандыру тіректері мен LED-шамдарын шығаратын зауыттың негізін қалаушы және басшысы, Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ түлегі, PhD доктор, кәсіпкер және қоғам қайраткері – Дамир Каюмовпен кездесу өтеді.
Сессияда спикер өзінің кәсіби тәжірибесі, бизнесті жүргізу жөніндегі, сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдау мен ішкі нарықты қорғау бойынша көзқарасы және қызықты кейстермен бөліседі.
Қатысуға шақырылады: студенттер, жас инженерлер, стартаперлер, оқытушылар.
Тақырыбы: Өндірістік бизнес – философия ретінде
Өтетін орны: Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, 1 корпус, Business Skills Park
Күні: 31.10.2025
Уақыты: 16:00
Тіркелу: qartech.kstu.kz (30.10.2025 15:00-ге дейін)