Бірлескен ғылыми-практикалық жарияланымдарға қатысуға шақырамыз!

#офлайн #Ғылыми жарияланымдар
01.11.2025 22:36

Scopus, Web of Science және басқа да беделді базаларда индекстелетін халықаралық ғылыми журналдарда мақалалар дайындауға және жариялауға бағытталған өңір кәсіпорындарымен бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларына қатысуға өтінімдер жиынтығы ашылды.

Бағдарламаның мақсаты – өнеркәсіптің нақты міндеттеріне бағдарланған қолданбалы ғылымды дамыту және бірлескен зерттеулер нәтижелерін халықаралық тануды қамтамасыз ету.

Жоба аясында:

  • Ғылым мен өндірістің түйісуіндегі жаңа шешімдер әзірлеу;
  • Өз ұжымыңыз бен өңіріңіздің жарияланымдық белсенділігін арттыру;
  • Жоғары рейтингті басылымдардағы жарияланымдар арқылы халықаралық деңгейге шығу;
  • Әзірлемелерді кейіннен патенттеу және коммерцияландыру үшін зияткерлік база құру мүмкіндігіне ие боласыз.

Қатысуға құрамына келесілер кіретін зерттеу топтары (кемінде 2 адамнан және одан көп) шақырылады:

  • өңірдің ғылыми қоғамдастығының өкілі (ЖОО немесе ҒЗИ қызметкері);
  • өнеркәсіптік кәсіпорынның өкілі (инженер, талдаушы, технолог);
  • қажет болған жайдайда – үшінші тарап эксперттері.

Жобалар өзара іс-қимылдың икемді нысандарына, соның ішінде қашықтықтан жобалауға мүмкіндік беретін бірлескен зерттеу және жариялау форматында іске асырылады.