Бірлескен ғылыми-практикалық жарияланымдарға қатысуға шақырамыз!
#офлайн
#Ғылыми жарияланымдар
01.11.2025 22:36
Scopus, Web of Science және басқа да беделді базаларда индекстелетін халықаралық ғылыми журналдарда мақалалар дайындауға және жариялауға бағытталған өңір кәсіпорындарымен бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларына қатысуға өтінімдер жиынтығы ашылды.
Бағдарламаның мақсаты – өнеркәсіптің нақты міндеттеріне бағдарланған қолданбалы ғылымды дамыту және бірлескен зерттеулер нәтижелерін халықаралық тануды қамтамасыз ету.
Жоба аясында:
- Ғылым мен өндірістің түйісуіндегі жаңа шешімдер әзірлеу;
- Өз ұжымыңыз бен өңіріңіздің жарияланымдық белсенділігін арттыру;
- Жоғары рейтингті басылымдардағы жарияланымдар арқылы халықаралық деңгейге шығу;
- Әзірлемелерді кейіннен патенттеу және коммерцияландыру үшін зияткерлік база құру мүмкіндігіне ие боласыз.
Қатысуға құрамына келесілер кіретін зерттеу топтары (кемінде 2 адамнан және одан көп) шақырылады:
- өңірдің ғылыми қоғамдастығының өкілі (ЖОО немесе ҒЗИ қызметкері);
- өнеркәсіптік кәсіпорынның өкілі (инженер, талдаушы, технолог);
- қажет болған жайдайда – үшінші тарап эксперттері.
Жобалар өзара іс-қимылдың икемді нысандарына, соның ішінде қашықтықтан жобалауға мүмкіндік беретін бірлескен зерттеу және жариялау форматында іске асырылады.