Жеке деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға және беруге келісім

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы №94-V «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне (бұдан әрі – Заң) сәйкес, осы өтініш арқылы мен өзімнің жеке деректерімді жинауға, өңдеуге, сақтауға және трансшекаралық беруге «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамына, БСН 000240004524 (бұдан әрі – Оператор), сондай-ақ Үшінші тұлғаларға, яғни Операторға қазіргі уақытта және болашақта байланысты болатын жеке немесе заңды тұлғаларға, соның ішінде «Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ және өзге де мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес Заңға қайшы келмейтін тәсілдермен және осы келісімде көзделген мақсаттарда беруге өзімнің шартсыз келісімімді беремін. Бұл келісім Оператор мен менің арамдағы немесе болашақта туындауы мүмкін азаматтық-құқықтық және (немесе) өзге де қатынастар шеңберінде төменде көрсетілген менің жеке деректерімді, электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық тасығыштарда тіркелген деректерімді, соның ішінде, бірақ онымен шектелмей, өңдеуге және пайдалануға қатысты беріледі:    

  1. жеке басын куәландыратын құжаттың деректері: құжаттың түрі, нөмірі, сериясы (бар болған жағдайда); тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда); азаматтығы (бар болған жағдайда); жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болған жағдайда);
  2. шетел азаматтарына қатысты, оның ішінде: виза нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі (егер жеке басын куәландыратын құжат ретінде шетелдік паспорт ұсынылса) (Қазақстан Республикасына визасыз тәртібімен кіруетін мемлекеттердің азаматтарынан басқа); миграциялық карточканың нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі (егер жеке басын куәландыратын құжат ретінде шетелдік паспорт ұсынылса) (Қазақстан Республикасына визасыз тәртібімен кіруетін мемлекеттердің азаматтарынан басқа); тұлғаның шетелдік мемлекеттік қызметшіге немесе онымен байланысты (отбасы мүшелері болып табылатын) тұлғаларға жататындығы туралы мәліметтер.
  3. тұрғылықты жерінің (тіркеу) немесе уақытша тұратын орнының мекенжайы: (мемлекет/юрисдикция, пошта индексі, елді мекен, көше/аудан, үй нөмірі және бар болған жағдайда пәтер нөмірі);
  4. байланыс телефонының нөмірі;
  5. фото және видео-бейнелер, оның ішінде биометриялық деректер;
  6. электрондық пошта мекенжайы (бар болған жағдайда);
  7. жұмыс орны (қызмет түрі);
  8. оператордың сұратуы бойынша және менің өз еркіммен ұсынылған өзге де деректер.

Жеке деректер субъектісінің (ол туралы) жеке деректерін Оператордың жинауы, өңдеуі, сақтауы және трансшекаралық беруі келесі мақсаттарды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей жүзеге асырылады:

  1. клиенттерді оқу іс-шаралары қызметтерін көрсету мақсатында тіркеу;
  2. клиенттерді коворкинг қызметтерін көрсету мақсатында тіркеу;
  3. Операторға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген құқықтар мен міндеттемелерді тиісінше орындау мақсатында;
  4. Оператордың ішкі бақылауы мен есебін жүргізу үшін;
  5. Оператордың құқықтарын сот тәртібімен және соттан тыс қорғау мақсатында: Субъектінің өз міндеттемелерін бұзған жағдайында; Даулы жағдайлар туындаған кезде, соның ішінде Үшінші тұлғалармен даулар кезінде.

Мен төмендегіні растаймын:

  1. осы келісім Оператормен арадағы барлық қатынастарға, оның ішінде қазіргі уақытта бар және (немесе) осы келісімді ұсыну кезінде туындайтын, сондай-ақ болашақта туындауы мүмкін барлық қатынастарға қолданылады және Қазақстан Республикасының заңнамасымен Операторға жүктелген құқықтар мен міндеттемелерді тиісінше орындау үшін қажетті мерзім ішінде менің (Субъектінің) Оператормен өзара қатынастары кезеңінде және олар тоқтатылғаннан кейін де күшінде болады;
  2. осы келісім арқылы Операторға Үшінші тұлғалардың жеке деректерге қол жеткізу шарттарын өз бетінше айқындау құқығы беріледі;
  3. жеке деректерді жинау, өңдеу және трансшекаралық беру кезінде Оператордың Субъектіге хабарлама жасау міндеті жоқ;
  4. осы келісім Оператордың жеке деректерді жинауға, өңдеуге және трансшекаралық беруге қажетті өкілеттіктерінің бар екенін растау үшін Үшінші тұлғаларға дәлел ретінде ұсынылуы мүмкін;
  5. осы келісім Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда,  менің тиісті өтінішім негізінде qartech@ktu.edu.kz электрондық поштасына хат жазу немесе Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 56 мекенжайына «Әьілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ атына жазбаша хат жолдау арқылы Операторға осы келісімді кері қайтару күніне дейін кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын тапсыру, не болмаса Оператор мекенжайына жеке түрде жеткізу жолымен кері қайтарылады. Бұл ретте, маған (Субъектіге) Заңға сәйкес, егер бұл кері қайтарып алу Заңға қайшы келетін жағдайларда не Оператор немесе Үшінші тұлғалар алдында мен (Субъект) орындамаған міндеттемелер болған кезде, атап айтқанда, осы келісімді кері қайтарып алуға болмайтынын білемін, жеке жағдайда – Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына байланысты келісімді кері қайтарып алу менің (мен туралы) дербес деректерімді осындай кері қайтарып алу басталған сәттен бастап жинауға, өңдеуге, сақтауға және беруге қолданылады және Оператордан осындай кері қайтарып алу сәтіне дейін және менің (Субъектінің) Оператормен қатынастарым толық тоқтатылған кезінен бастап 5 (бес) жыл ішінде жиналған, өңделген және сақталатын деректерге әсер етпейді. Мен (Субъект) менің (мен туралы) дербес деректерімді жинауға, өңдеуге, сақтауға және беруге келісімді кері қайтарып алу Оператордан өзі ұсынатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді алу мүмкіндтігін білдіруі мүмкін екенін білемін және мұндай кері қайтарып алу жағдайында Оператордың осындай кері қайтарып алу кезінде Оператор менің алдымда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді көрсету көрсетілмегені/толық емес/уақтылы болмағаны үшін жауапкершіліктің кез келген түрінен босатылғанын түсінемін;
  6. Оператор Заң талаптарын және (немесе) осы келісімде қол жеткізген шарттарды сақтаған жағдайда, бұдан әрі менің (мен туралы) дербес деректерімді жинауға, өңдеуге және трансшекаралық беруге қатысты Операторға қандай да бір наразылықтар болмайды;
  7. Оператордың қызметтерін алу менің назарыма осындай Келісімді ұсыну қажеттілігін жеткізген сәттен бастап менің осы Келісімде көзделген шарттарды толық және сөзсіз қабылдауымды білдіреді;
  8. Осы құжатта көзделген шарттармен электрондық нысанда көрсетілген келісім мен (Субъект) қағаз жеткізгіште ұсынған келісімге теңестіріледі;
  9. менің дербес деректерімді, оның ішінде трансшекаралық деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға және беруге келісім туралы осы өтініштің шарттарымен келіспеген жағдайда, мен Оператордың сервистерін пайдаланудан бас тартқаны, одан тауарлар, жұмыстар, қызметтер алғаны үшін өз бетімше жауаптымын.

Осы келісімнің мәтінімен толық таныстым, ешқандай толықтыруларым, ескертулерім немесе қарсылықтарым жоқ.