Технологиялық стартаптарды инкубациялау бағдарламасы

Инкубациялық бағдарлама идея немесе бастапқы прототип сатысындағы технологиялық жобаларды дамытып жатқан стартап-командаларды қолдауға бағытталған. Мақсат – жобаларды MVP деңгейіне жеткізу және пилоттық енгізуге немесе гранттық қаржыландыру алуға дайындау. Қатысушыларға менторлық және сараптамалық қолдау, хаб инфрақұрылымына қол жеткізу, кәсіпкерлік құзыреттерді дамыту, бизнес-модельді қалыптастыруға және инвестиция тартуға дайындалуға көмек көрсетіледі. Бағдарлама технологиялық өнім идеясы бар бастаушы кәсіпкерлерге, стартаперлерге, студенттерге, зерттеушілер мен әзірлеушілерге арналған.